Хадис

Сахих Мүслим, № 622

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
44. Құрбан айт күні және Ораза айт күні ораза ұстауға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ صِيَامِ يَوْمِ الْأَضْحَى وَالْفِطْرِ
Нөмірі
№ 622 (Мухтасар реті)
622
Мүслим, № 622

عَنْ أَبِي عُبَيْدٍ، مَوْلَى ابْنِ أَزْهَرَ، قَالَ: «شَهِدْتُ الْعِيدَ مَعَ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ، فَجَاءَ فَصَلَّى، ثُمَّ انْصَرَفَ فَخَطَبَ النَّاسَ، فَقَالَ: “إِنَّ هَذَيْنِ يَوْمَانِ نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ صِيَامِهِمَا: يَوْمُ فِطْرِكُمْ مِنْ صِيَامِكُمْ، وَالْآخَرُ يَوْمٌ تَأْكُلُونَ فِيهِ مِنْ نُسُكِكُمْ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Азһардың азат еткен құлы Әбу Убайд былай деді: «Мен Омар ибн әл-Хаттабпен бірге айт намазына қатыстым. Ол келіп, намаз оқыды. Содан кейін бұрылып, адамдарға құтба айтып: “Расында, Алла Елшісі (с.а.с.) осы екі күні ораза ұстауға тыйым салды: бірі – оразаларыңды аяқтап, ауыз ашатын күн, ал екіншісі – құрбандықтарыңның етінен жейтін күн”, – деді». (1137/138)