Хадис

Сахих Мүслим, № 600

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
25. Сапарда ораза ұстамай, жұмысты өз мойнына алған адамға берілетін сауапبَابٌ: أَجْرُ الْمُفْطِرِ فِي السَّفَرِ إِذَا تَوَلَّى الْعَمَلَ
Нөмірі
№ 600 (Мухтасар реті)
600
Мүслим, № 600Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي السَّفَرِ، فَمِنَّا الصَّائِمُ وَمِنَّا الْمُفْطِرُ». قَالَ: «فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا فِي يَوْمٍ حَارٍّ، أَكْثَرُنَا ظِلًّا صَاحِبُ الْكِسَاءِ، وَمِنَّا مَنْ يَتَّقِي الشَّمْسَ بِيَدِهِ». قَالَ: «فَسَقَطَ الصُّوَّامُ، وَقَامَ الْمُفْطِرُونَ، فَضَرَبُوا الْأَبْنِيَةَ وَسَقَوْا الرِّكَابَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “ذَهَبَ الْمُفْطِرُونَ الْيَوْمَ بِالْأَجْرِ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Арамызда ораза ұстағандар да, ұстамағандар да болды. Аптап ыстық күні бір жерге аялдадық. Біздің арамызда ең мол көлеңке тапқаны – жамылғысы бар кісі еді. Кейбіріміз қолымызбен күннен көлегейлендік. Ораза ұстағандар әлсіреп, құлап қалды. Ал ораза ұстамағандар орындарынан тұрып, шатырларды тікті әрі мініс түйелерін суарды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүгін ораза ұстамағандар сауапты алып кетті”, – деді». (1119/100)