Хадис

Сахих Мүслим, № 592

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
19. Түн түсіп, күн батқанда ораза ұстаушы ауыз ашадыبَابٌ: إِذَا أَقْبَلَ اللَّيْلُ وَغَرَبَتِ الشَّمْسُ أَفْطَرَ الصَّائِمُ
Нөмірі
№ 592 (Мухтасар реті)
592
Мүслим, № 592Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ فِي شَهْرِ رَمَضَانَ، فَلَمَّا غَابَتِ الشَّمْسُ قَالَ: “يَا فُلَانُ، اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا”. قَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ عَلَيْكَ نَهَارًا”. قَالَ: “اِنْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا”». قَالَ: «فَنَزَلَ فَجَدَحَ، فَأَتَاهُ بِهِ، فَشَرِبَ النَّبِيُّ ﷺ، ثُمَّ قَالَ بِيَدِهِ: “إِذَا غَابَتِ الشَّمْسُ مِنْ هَا هُنَا، وَجَاءَ اللَّيْلُ مِنْ هَا هُنَا، فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Әуфа (р.а.) былай деген: «Біз Рамазан айында Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда болдық. Күн батқан кезде ол (с.а.с.): “Уа, пәленше! Түс те, бізге талқанды суға араластырып бер”, – деді. Әлгі кісі: “Уа, Расулалла! Әлі күндіз ғой”, – деді. Ол (с.а.с.): “Түс те, бізге талқанды суға араластырып бер”, – деді. Сонда әлгі кісі түсіп, талқанды суға араластырып, оған әкелді. Пайғамбар (с.а.с.) одан ішті. Содан кейін қолымен ишара жасап: “Күн мына жақта батып, түн ана жақтан келген кезде, ораза ұстаушының ауыз ашар уақыты кіреді”, – деді». (1101/52)