Хадис

Сахих Мүслим, № 589

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
17. Рамазан айында ораза кезінде әйелімен жыныстық қатынасқа түскен адамның кәффаратыبَابٌ: كَفَّارَةُ مَنْ وَقَعَ عَلَى امْرَأَتِهِ فِي رَمَضَانَ
Нөмірі
№ 589 (Мухтасар реті)
589
Мүслим, № 589Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: “هَلَكْتُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “وَمَا أَهْلَكَكَ؟” قَالَ: “وَقَعْتُ عَلَى امْرَأَتِي فِي رَمَضَانَ”. قَالَ: “هَلْ تَجِدُ مَا تُعْتِقُ رَقَبَةً؟” قَالَ: “لَا”. قَالَ: “فَهَلْ تَسْتَطِيعُ أَنْ تَصُومَ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ؟” قَالَ: “لَا”. قَالَ: “فَهَلْ تَجِدُ مَا تُطْعِمُ سِتِّينَ مِسْكِينًا؟” قَالَ: “لَا”». قَالَ: «ثُمَّ جَلَسَ، فَأُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِعَرَقٍ فِيهِ تَمْرٌ، فَقَالَ: “تَصَدَّقْ بِهَذَا”. قَالَ: “أَفْقَرَ مِنَّا؟ فَمَا بَيْنَ لَابَتَيْهَا أَهْلُ بَيْتٍ أَحْوَجُ إِلَيْهِ مِنَّا”، فَضَحِكَ النَّبِيُّ ﷺ حَتَّى بَدَتْ أَنْيَابُهُ، ثُمَّ قَالَ: “اِذْهَبْ فَأَطْعِمْهُ أَهْلَكَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Құрыдым!” – деді. Ол (с.а.с.): “Сені не құртты?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Рамазан айында әйеліммен жыныстық қатынасқа түстім”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бір құлды азат етуге мүмкіндігің бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Екі ай үзіліссіз ораза ұстауға шамаң жете ме?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Алпыс міскінді тамақтандыруға мүмкіндігің бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді де, отырып қалды. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) құрма салынған үлкен себет әкелінді. Ол (с.а.с.) әлгі адамға: “Мұны садақаға тарат”, – деді. Сонда ол: “Бізден де кедей адамға беремін бе? Мәдинаның екі қара тастақты алқабының арасында бізден де мұқтаж отбасы жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) сойдақ тістері көрінгенше күлді де: “Бара ғой, мұны отбасыңа жегіз”, – деді». (1111/81)