Хадис

Сахих Мүслим, № 583

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
12. Алла Тағаланың «…ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾
Нөмірі
№ 583 (Мухтасар реті)
583
Мүслим, № 583Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187]». قَالَ: «فَكَانَ الرَّجُلُ إِذَا أَرَادَ الصَّوْمَ، رَبَطَ أَحَدُهُمْ فِي رِجْلَيْهِ الْخَيْطَ الْأَسْوَدَ وَالْخَيْطَ الْأَبْيَضَ، فَلَا يَزَالُ يَأْكُلُ وَيَشْرَبُ حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَهُ رِئْيُهُمَا، فَأَنْزَلَ اللَّهُ بَعْدَ ذَلِكَ: ﴿مِنَ الْفَجْرِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 187] فَعَلِمُوا أَنَّمَا يَعْنِي بِذَلِكَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деген: «Мына аят түскен кезде: ﴿وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ﴾ – “…ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер” (“Бақара”, 187), ораза ұстағысы келген адам екі аяғына қара жіп пен ақ жіп байлап, екеуі бір-бірінен анық ажыратылып көрінгенге дейін ішіп-жей беретін. Осыдан кейін Алла: ﴿مِنَ الْفَجْرِ﴾ – “таңның” (“Бақара”, 187) деген сөзді түсірді. Сонда олар мұнда түн мен күндіздің меңзелгенін білді». (1091/35)