Хадис

Сахих Мүслим, № 562

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
52. Күнкөріске жетерлік дүние-мүлкі жоқ әрі адамдардан қайыр сұрамайтын мұқтаж адам туралыبَابٌ: الْمِسْكِينُ الَّذِي لَا يَجِدُ غِنًى وَلَا يَسْأَلُ النَّاسَ
Нөмірі
№ 562 (Мухтасар реті)
562
Мүслим, № 562Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْمِسْكِينُ بِهَذَا الطَّوَّافِ الَّذِي يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ، فَتَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ، وَالتَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ». قَالُوا: «فَمَا الْمِسْكِينُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الَّذِي لَا يَجِدُ غِنًى يُغْنِيهِ، وَلَا يُفْطَنُ لَهُ، فَيُتَصَدَّقَ عَلَيْهِ، وَلَا يَسْأَلُ النَّاسَ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Міскін – адамдарды аралап жүріп, бір-екі үзім ас немесе бір-екі құрма алып қайтып кететін адам емес». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Онда міскін кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Міскін – күнкөрісіне жеткілікті дүние таба алмайтын, мұқтаждығы байқалмағандықтан садақа берілмейтін әрі адамдардан еш нәрсе сұрамайтын адам», – деді. (1039/101)