Хадис

Сахих Мүслим, № 555

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
47. Қайыр сұраудан тартыну және сабыр сақтауبَابٌ: التَّعَفُّفُ وَالصَّبْرُ
Нөмірі
№ 555 (Мухтасар реті)
555
Мүслим, № 555Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَعْطَاهُمْ، ثُمَّ سَأَلُوهُ فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى إِذَا نَفِدَ مَا عِنْدَهُ قَالَ: «مَا يَكُنْ عِنْدِي مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أَدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَصْبِرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ، وَمَا أُعْطِيَ أَحَدٌ مِنْ عَطَاءٍ خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір топ ансар Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұрады. Ол оларға берді. Олар тағы сұрағанда, оларға тағы да берді. Ақырында қолындағысы таусылғанда: «Қолымда қандай да бір игілік болса, оны сендерден жасырып, өзіме сақтап қалмаймын. Кім арын сақтап, сұраудан тыйылса, Алла оны арлы етеді. Кім өзгеге мұқтаж болмауға ұмтылса, Алла оны ешкімге мұқтаж етпейді. Кім сабыр етуге тырысса, Алла оған сабыр береді. Ешкімге сабырдан қайырлы әрі кең сый берілген емес», – деді. (1053/124)