Хадис

Сахих Мүслим, № 542

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
35. Алла Тағаланың «Қайыр-садақаны молынан беретін жомарт мүміндерді өздерінше жазғырады» деген мағынадағы сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ﴾
Нөмірі
№ 542 (Мухтасар реті)
542
Мүслим, № 542Риуаят етуші: Әбу Масғуд

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أُمِرْنَا بِالصَّدَقَةِ». قَالَ: «كُنَّا نُحَامِلُ». قَالَ: «فَتَصَدَّقَ أَبُو عَقِيلٍ بِنِصْفِ صَاعٍ». قَالَ: «وَجَاءَ إِنْسَانٌ بِشَيْءٍ أَكْثَرَ مِنْهُ، فَقَالَ الْمُنَافِقُونَ: “إِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنْ صَدَقَةِ هَذَا، وَمَا فَعَلَ هَذَا الْآخَرُ إِلَّا رِيَاءً”، فَنَزَلَتْ: ﴿الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِي الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: ٧٩]».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.) былай деді: «Бізге садақа беру бұйырылды. Сол үшін ақыға жүк таситынбыз. Бірде Әбу Ақил жарты сағ мөлшерінде садақа берді. Ал тағы бір адам одан көбірек садақа әкелді. Сонда екіжүзділер: “Алла мына адамның садақасына мұқтаж емес. Ал анау садақасын жұртқа көрсету үшін ғана берді”, – деді. Сол кезде: “Ол екіжүзділер қайыр-садақаны молынан беретін жомарт мүміндерді де, маңдай терімен тапқан-таянған азғантай мал-пұлынан садақа беретін кедей мүміндерді де өздерінше жазғырады…”, – деген аят түсті («Тәубе», 79)». (1018/72)