Хадис

Сахих Мүслим, № 540

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
33. Адал табыстан берілген садақаның қабыл болуы және оның сауабының еселенуіبَابٌ: قَبُولُ الصَّدَقَةِ مِنَ الْكَسْبِ الطَّيِّبِ وَتَرْبِيَتُهَا
Нөмірі
№ 540 (Мухтасар реті)
540
Мүслим, № 540Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ اللَّهَ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا، وَإِنَّ اللَّهَ أَمَرَ الْمُؤْمِنِينَ بِمَا أَمَرَ بِهِ الْمُرْسَلِينَ، فَقَالَ: ﴿يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ﴾ [الْمُؤْمِنُونَ: 51] وَقَالَ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ﴾» [الْبَقَرَةِ: 172]. ثُمَّ ذَكَرَ الرَّجُلَ: «يُطِيلُ السَّفَرَ أَشْعَثَ أَغْبَرَ، يَمُدُّ يَدَيْهِ إِلَى السَّمَاءِ، “يَا رَبِّ، يَا رَبِّ”، وَمَطْعَمُهُ حَرَامٌ، وَمَشْرَبُهُ حَرَامٌ، وَمَلْبَسُهُ حَرَامٌ، وَغُذِيَ بِالْحَرَامِ، فَأَنَّى يُسْتَجَابُ لِذَلِكَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, адамдар! Расында, Алла – Пәк әрі Ол тек таза нәрсені ғана қабыл етеді. Алла елшілеріне нені бұйырса, мүміндерге де соны бұйырып: ‘Уа, пайғамбарлар қауымы! Адал, таза ас-судан жеп-ішіңдер, әркез игі іс істеңдер. Мен еш шүбәсіз, сендердің не істеп жүргендеріңді білемін’ («Муминун», 51), – деді. Сондай-ақ: ‘Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе ризық етіп бергеніміздің адал, тазасынан жеңдер’ («Бақара», 172), – деді”, – деді. Содан кейін ол ұзақ сапар шегіп, шашы ұйпа-тұйпа, үсті-басы шаң болған, екі қолын көкке жайып: “Уа, Раббым! Уа, Раббым!” – деп жалбарынған бір адамды мысалға келтірді. Алайда оның жегені – харам, ішкені – харам, кигені – харам әрі өзі хараммен қоректенген. “Мұндай адамның дұғасы қалай қабыл болмақ?” – деді». (1015/65)