Хадис

Сахих Мүслим, № 538

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
32. Дені сау әрі дүние-мүлкін қимайтын адамның берген садақасының артықшылығыبَابٌ: فَضْلُ صَدَقَةِ الصَّحِيحِ الشَّحِيحِ
Нөмірі
№ 538 (Мухтасар реті)
538
Мүслим, № 538Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الصَّدَقَةِ أَعْظَمُ؟” فَقَالَ: “أَنْ تَصَدَّقَ وَأَنْتَ صَحِيحٌ شَحِيحٌ، تَخْشَى الْفَقْرَ وَتَأْمُلُ الْغِنَى، وَلَا تُمْهِلَ حَتَّى إِذَا بَلَغَتْ الْحُلْقُومَ قُلْتَ: ‘لِفُلَانٍ كَذَا، وَلِفُلَانٍ كَذَا’، أَلَا وَقَدْ كَانَ لِفُلَانٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Садақаның ең сауаптысы қайсы?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Денең сау, мал-дүниеңді қимай, кедейліктен қорқып әрі бай болудан үміттеніп тұрған кезіңде берген садақаң. Жаның алқымыңа жеткенге дейін кешіктіріп жүріп, сонда ғана: ‘Пәленшеге мынаны, түгеншеге ананы беріңдер’, – деме. Біліп қой: ол кезде дүние-мүлкің әлдеқашан пәленшенікі болып қояды”, – деді». (1032/92)