Хадис

Сахих Мүслим, № 535

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
29. Құрманың жартысын болса да садақаға беріп, Тозақ отынан сақтаныңдарبَابٌ: اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ
Нөмірі
№ 535 (Мухтасар реті)
535
Мүслим, № 535Риуаят етуші: Ади ибн Хатим

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ النَّارَ فَأَعْرَضَ وَأَشَاحَ، ثُمَّ قَالَ: “اِتَّقُوا النَّارَ”. ثُمَّ أَعْرَضَ وَأَشَاحَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ كَأَنَّمَا يَنْظُرُ إِلَيْهَا، ثُمَّ قَالَ: “اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ، فَبِكَلِمَةٍ طَيِّبَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Тозақты сөз етіп, жүзін бұрып, теріс қарады. Содан кейін: “Өздеріңді Тозақтан қорғаңдар!” – деді. Артынша тағы да жүзін бұрып, теріс қарады. Мұны көргенде, біз оны бейне бір Тозаққа қарап тұрғандай сезіндік. Содан кейін ол: “Құрманың жартысымен болса да өздеріңді Тозақтан қорғаңдар. Ал кім оны да таппаса, жақсы сөз айтсын”, – деді». (1016/68)