Хадис

Сахих Мүслим, № 530

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
24. Нағашыларға садақа беруبَابٌ: الصَّدَقَةُ عَلَى الْأَخْوَالِ
Нөмірі
№ 530 (Мухтасар реті)
530
Мүслим, № 530

عَنْ مَيْمُونَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا أَعْتَقَتْ وَلِيدَةً فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرَتْ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَوْ أَعْطَيْتِهَا أَخْوَالَكِ، كَانَ أَعْظَمَ لِأَجْرِكِ».

Қазақша аудармасы

Мәймуна бинт әл-Харистің (р.а.) жеткізуінше, ол Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында бір күңін азат етіп, бұл туралы Алла Елшісіне (с.а.с.) айтқан. Сонда ол (с.а.с.): «Егер сол күңді нағашыларыңа бергеніңде, сауабың әлдеқайда мол болар еді», – деген. (999/44)