عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَقْرَأُ: ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾، قَالَ: «يَقُولُ ابْنُ آدَمَ: “مَالِي، مَالِي”». قَالَ: «وَهَلْ لَكَ يَا ابْنَ آدَمَ مِنْ مَالِكَ إِلَّا مَا أَكَلْتَ فَأَفْنَيْتَ، أَوْ لَبِسْتَ فَأَبْلَيْتَ، أَوْ تَصَدَّقْتَ فَأَمْضَيْتَ؟»
Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) келгенімде, ол: “Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.” (“Тәкәсур”, 1), – деп оқып отыр екен. Содан кейін ол: “Адам баласы: ‘Малым, малым!’ – дейді”, – деді. Ол тағы: “Уа, Адам баласы! Сенің малыңнан жеп тауысқаның, киіп тоздырғаның немесе садақаға беріп, алдыңнан жібергеніңнен басқа саған тиесілі не бар?” – деді» (2958/3).