Хадис

Сахих Мүслим, № 2173

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
48. Алла Тағаланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ﴾
Нөмірі
№ 2173 (Мухтасар реті)
2173
Мүслим, № 2173

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ﴾ [الْقِيَامَةِ: 16]، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعَالِجُ مِنَ التَّنْزِيلِ شِدَّةً، كَانَ يُحَرِّكُ شَفَتَيْهِ. فَقَالَ لِي ابْنُ عَبَّاسٍ: «أَنَا أُحَرِّكُهُمَا لَكَ كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَرِّكُهُمَا»، فَحَرَّكَ شَفَتَيْهِ. فَقَالَ سَعِيدٌ: «أَنَا أُحَرِّكُهُمَا كَمَا كَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ يُحَرِّكُهُمَا»، فَحَرَّكَ شَفَتَيْهِ. فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ ۝ إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُ وَقُرْآنَهُ﴾ [الْقِيَامَةِ: 16⁠–⁠17]، قَالَ: «جَمْعَهُ فِي صَدْرِكَ ثُمَّ تَقْرَؤُهُ». ﴿فَإِذَا قَرَأْنَاهُ فَاتَّبِعْ قُرْآنَهُ﴾ [الْقِيَامَةِ: 18]، قَالَ: «فَاسْتَمِعْ لَهُ وَأَنْصِتْ، ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا أَنْ تَقْرَأَهُ». قَالَ: فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَاهُ جِبْرِيلُ اِسْتَمَعَ، فَإِذَا اِنْطَلَقَ جِبْرِيلُ قَرَأَهُ النَّبِيُّ ﷺ كَمَا أَقْرَأَهُ.

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубайр Ибн Аббастың (Алла екеуіне де разы болсын) Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» («Қиямет», 16) деген сөзі жайында: «Пайғамбар (с.а.с.) уахиды қабылдау кезінде қатты қиналатын әрі еріндерін қимылдататын», – дегенін жеткізді. Сағид: «Ибн Аббас маған: “Мен саған еріндерімді Алла Елшісі (с.а.с.) қимылдатқанындай қимылдатып көрсетемін”, – деді де, еріндерін қимылдатты», – деп баяндады. Сағид: «Мен де еріндерімді Ибн Аббас қимылдатқанындай қимылдатамын», – деді де, еріндерін қимылдатып көрсетті. Сонда Алла Тағала: «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.» («Қиямет», 16), «Өйткені оны толық жинау һәм өзіңе оқыту Бізге тиесілі іс!» («Қиямет», 17) деген аяттарды түсірді. Ибн Аббас: «Яғни оны кеудеңе жинаймыз, содан кейін сен оны оқисың», – деді. «Ендеше, Біз оны оқыған кезде, сен оның оқылуына ілесіп отыр.» («Қиямет», 18) деген сөзін: «Яғни оны тыңда әрі үнсіз бол. Содан кейін оны оқуыңды қамтамасыз ету де Бізге міндет», – деп түсіндірді. Алла Елшісі (с.а.с.) Жәбірейіл келгенде, оны ден қойып тыңдайтын. Ал Жәбірейіл кеткеннен кейін, Пайғамбар (с.а.с.) оны Жәбірейіл өзіне оқып бергеніндей оқитын (448/148).