عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُجَاءُ بِالْمَوْتِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُ كَبْشٌ أَمْلَحُ» (زَادَ أَبُو كُرَيْبٍ: «فَيُوقَفُ بَيْنَ الْجَنَّةِ وَالنَّارِ»، وَاتَّفَقَا فِي بَاقِي الْحَدِيثِ): «فَيُقَالُ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟” فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ وَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”». قَالَ: «ثُمَّ يُقَالُ: “يَا أَهْلَ النَّارِ، هَلْ تَعْرِفُونَ هَذَا؟”» قَالَ: «فَيَشْرَئِبُّونَ وَيَنْظُرُونَ وَيَقُولُونَ: “نَعَمْ، هَذَا الْمَوْتُ”». قَالَ: «فَيُؤْمَرُ بِهِ فَيُذْبَحُ». قَالَ: «ثُمَّ يُقَالُ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ، وَيَا أَهْلَ النَّارِ، خُلُودٌ فَلَا مَوْتَ”». قَالَ: ثُمَّ قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ﴿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ﴾ [مَرْيَمَ: 39] وَأَشَارَ بِيَدِهِ إِلَى الدُّنْيَا.
Әбу Сағид әл-Худри былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні өлім ала қошқар кейпінде әкелінеді”, – деді». Әбу Курайб өз риуаятына: «Ол Жәннат пен Тозақтың арасына тұрғызылады», – деген сөзді қосты. Хадистің қалған бөлігін екі риуаятшы да бірдей жеткізген: «Сонда: “Уа, Жәннат тұрғындары! Мынаны танисыңдар ма?” – делінеді. Олар мойындарын созып, оған қарайды да: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Содан кейін: “Уа, Тозақ тұрғындары! Мынаны танисыңдар ма?” – делінеді. Олар да мойындарын созып, оған қарайды да: “Иә, бұл – өлім”, – дейді. Содан кейін оны бауыздауға бұйрық беріліп, ол бауыздалады. Артынша: “Уа, Жәннат тұрғындары! Енді мәңгі қаласыңдар, өлім жоқ! Уа, Тозақ тұрғындары! Енді мәңгі қаласыңдар, өлім жоқ!” – делінеді». Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Оларға өздеріне қатысты кесімді үкім беріліп, сол үкім жүзеге асырылатын һәм бәрі де кеш болатын қасірет пен өкінішке толы бір күн бар екенін ескерт. Олар күндерін ғапылдықпен өткізуде әрі иман етпеуде.» («Мәриям», 39) деген аятты оқып, қолымен дүниені нұсқады (2849/40).