عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي عَالَجْتُ امْرَأَةً فِي أَقْصَى الْمَدِينَةِ، وَإِنِّي أَصَبْتُ مِنْهَا مَا دُونَ أَنْ أَمَسَّهَا، فَأَنَا هَذَا، فَاقْضِ فِيَّ مَا شِئْتَ». فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: «لَقَدْ سَتَرَكَ اللَّهُ، لَوْ سَتَرْتَ نَفْسَكَ». قَالَ: فَلَمْ يَرُدَّ النَّبِيُّ ﷺ شَيْئًا، فَقَامَ الرَّجُلُ فَانْطَلَقَ، فَأَتْبَعَهُ النَّبِيُّ ﷺ رَجُلًا دَعَاهُ، وَتَلَا عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿أَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ ذَلِكَ ذِكْرَى لِلذَّاكِرِينَ﴾ [هُودٍ: 114]. فَقَالَ رَجُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، هَذَا لَهُ خَاصَّةً؟» قَالَ: «بَلْ لِلنَّاسِ كَافَّةً».
Абдулла ибн Масғуд былай деді: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Мен Мәдинаның шетінде бір әйелмен жақындасып, онымен жыныстық қатынасқа түсуден өзге әрекеттер жасадым. Міне, алдыңызда тұрмын, маған қалаған үкіміңізді шығарыңыз”, – деді. Сонда Омар оған: “Алла сенің күнәңді жасырды ғой, өзің де оны жасырсаң еді”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған еш жауап қатпады. Әлгі кісі орнынан тұрып, кетіп қалды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оның соңынан бір кісіні жіберіп, қайта шақыртты да, оған мына аятты оқыды: “Күндіздің екі уақытында, әрі түннің күндізге таяу уақыттарында намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл ойланатындар үшін айтылған бірер насихат.” («Һуд», 114). Сонда отырғандардың бірі: “Уа, Алланың Пайғамбары! Бұл тек осы кісіге ғана қатысты ма?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, барлық адамға қатысты”, – деді» (2763/42).