عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِقْرَأْ عَلَيَّ الْقُرْآنَ». قَالَ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ أَقْرَأُ عَلَيْكَ وَعَلَيْكَ أُنْزِلَ؟» قَالَ: «إِنِّي أَشْتَهِي أَنْ أَسْمَعَهُ مِنْ غَيْرِي»، فَقَرَأْتُ النِّسَاءَ حَتَّى إِذَا بَلَغْتُ: ﴿فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَى هَؤُلَاءِ شَهِيدًا﴾ [النِّسَاءِ: 41] رَفَعْتُ رَأْسِي، أَوْ غَمَزَنِي رَجُلٌ إِلَى جَنْبِي، فَرَفَعْتُ رَأْسِي فَرَأَيْتُ دُمُوعَهُ تَسِيلُ.
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Маған Құран оқып бер”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Құран өзіңізге түсірілген бола тұра, оны сізге мен оқып беремін бе?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Мен оны өзге біреуден естігім келеді”, – деді. Содан кейін мен “Ниса” сүресін оқи бастадым. “Уа, Расулым! Әр үмбеттен бір куәгер шығарғанымызда, әрі сені де мыналарға қарсы куәға тартқанымызда, адамдардың жағдайы не болар екен?!” (“Ниса”, 41) деген аятқа жеткенімде, басымды көтердім немесе жанымда отырған бір кісі мені түртті. Сонда басымды көтеріп қарасам, оның (с.а.с.) көзінен жас ағып отыр екен» (800/247).