عَنْ مُعَاوِيَةَ بْنِ قُرَّةَ، قَالَ: سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مُغَفَّلٍ الْمُزَنِيَّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «قَرَأَ النَّبِيُّ ﷺ عَامَ الْفَتْحِ فِي مَسِيرٍ لَهُ سُورَةَ الْفَتْحِ عَلَى رَاحِلَتِهِ، فَرَجَّعَ فِي قِرَاءَتِهِ». قَالَ مُعَاوِيَةُ: «لَوْلَا أَنِّي أَخَافُ أَنْ يَجْتَمِعَ عَلَيَّ النَّاسُ لَحَكَيْتُ لَكُمْ قِرَاءَتَهُ».
Қазақша аудармасы
Мұғауия ибн Қурра Абдулла ибн Мұғаффәл әл-Музанидің (р.а.) былай дегенін естігенін жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.) Мекке азат етілген жылы сапар үстінде мініс көлігіне отырған күйі “Фатх” сүресін оқыды әрі оқыған кезде дауысын қайырып, әуездетті». Мұғауия: «Адамдар айналама жиналып қалады деп қорықпағанымда, оның қалай оқығанын сендерге салып көрсетер едім», – деді (794/237).