عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَجُلٌ يَقْرَأُ سُورَةَ الْكَهْفِ وَعِنْدَهُ فَرَسٌ مَرْبُوطٌ بِشَطَنَيْنِ، فَتَغَشَّتْهُ سَحَابَةٌ فَجَعَلَتْ تَدُورُ وَتَدْنُو، وَجَعَلَ فَرَسُهُ يَنْفِرُ مِنْهَا، فَلَمَّا أَصْبَحَ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «تِلْكَ السَّكِينَةُ تَنَزَّلَتْ لِلْقُرْآنِ».
Қазақша аудармасы
Әл-Бара (р.а.): «Бір адам “Кәһф” сүресін оқып отыр еді. Оның жанында екі ұзын арқанға байланған аты болатын. Сол кезде әлгі адамды бір бұлт бүркеп, оны айнала қозғалып, жақындай бастады. Ал аты одан үркіп, бұлқына берді. Таң атқан соң, ол Пайғамбарға (с.а.с.) барып, болған жайды айтып берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл – Құран үшін түскен сәкина еді”, – деді», – деген (795/240).