عَنْ عَامِرِ بْنِ وَاثِلَةَ أَنَّ نَافِعَ بْنَ عَبْدِ الْحَارِثِ لَقِيَ عُمَرَ بِعُسْفَانَ، وَكَانَ عُمَرُ يَسْتَعْمِلُهُ عَلَى مَكَّةَ، فَقَالَ: «مَنِ اِسْتَعْمَلْتَ عَلَى أَهْلِ الْوَادِي؟» فَقَالَ: «ابْنَ أَبْزَى». قَالَ: «وَمَنِ ابْنُ أَبْزَى؟» قَالَ: «مَوْلًى مِنْ مَوَالِينَا». قَالَ: «فَاسْتَخْلَفْتَ عَلَيْهِمْ مَوْلًى؟» قَالَ: «إِنَّهُ قَارِئٌ لِكِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، وَإِنَّهُ عَالِمٌ بِالْفَرَائِضِ». قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَمَا إِنَّ نَبِيَّكُمْ ﷺ قَدْ قَالَ: “إِنَّ اللَّهَ يَرْفَعُ بِهَذَا الْكِتَابِ أَقْوَامًا، وَيَضَعُ بِهِ آخَرِينَ”».
Амир ибн Уәсила былай жеткізді: Нафиғ ибн Абдулхарис Усфанда Омармен кездесті. Омар оны Меккеге әкім етіп тағайындаған еді. Омар одан: «Алқап тұрғындарының басына кімді қалдырдың?» – деп сұрады. Ол: «Ибн Әбзаны», – деді. Омар: «Ибн Әбза деген кім?» – деп сұрады. Ол: «Біздің азат етілген құлдарымыздың бірі», – деді. Омар: «Сонда олардың басына азат етілген құлды қалдырдың ба?» – деді. Нафиғ: «Расында, ол Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың Кітабын жетік оқиды әрі мирас үлестері жайындағы ілімді жақсы біледі», – деді. Сонда Омар (р.а.): «Расында, сендердің Пайғамбарларың (с.а.с.): “Ақиқатында, Алла осы Кітап арқылы кейбір қауымдарды жоғарылатып, енді біреулерін төмендетеді”, – деген», – деді (817/269).