Хадис

Сахих Мүслим, № 2100

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
6. «Былай деп айт: Ол Алла жалғыз!» деп басталатын «Ықылас» сүресін оқудың артықшылығы туралыبَابٌ: فَضْلُ قِرَاءَةِ: ﴿قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ﴾
Нөмірі
№ 2100 (Мухтасар реті)
2100
Мүслим, № 2100Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ رَجُلًا عَلَى سَرِيَّةٍ، وَكَانَ يَقْرَأُ لِأَصْحَابِهِ فِي صَلَاتِهِمْ بِـ﴿قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ﴾، فَلَمَّا رَجَعُوا ذَكَرُوا ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «سَلُوهُ لِأَيِّ شَيْءٍ يَصْنَعُ ذَلِكَ؟» فَسَأَلُوهُ، فَقَالَ: «لِأَنَّهَا صِفَةُ الرَّحْمَنِ، فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أَقْرَأَ بِهَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَخْبِرُوهُ أَنَّ اللَّهَ يُحِبُّهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір кісіні шағын жасақтың басшысы етіп жіберді. Ол серіктеріне намаз оқытқанда, “Былай деп айт: Ол Алла жалғыз!” (“Ықылас”, 1) деп басталатын сүрені оқитын. Олар қайтып келген соң, мұны Алла Елшісіне (с.а.с.) айтты. Сонда ол: “Одан мұны не үшін істейтінін сұраңдар”, – деді. Олар әлгі кісіден сұрағанда, ол: “Өйткені онда Рахманның сипаты баяндалған. Сондықтан оны оқуды жақсы көремін”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Оған Алланың оны жақсы көретінін хабарлаңдар”, – деді» (813/263).