عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا الْمُنْذِرِ، أَتَدْرِي أَيُّ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ مَعَكَ أَعْظَمُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «يَا أَبَا الْمُنْذِرِ، أَتَدْرِي أَيُّ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ مَعَكَ أَعْظَمُ؟» قَالَ: قُلْتُ: ﴿اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 255]. قَالَ: فَضَرَبَ فِي صَدْرِي وَقَالَ: «لِيَهْنِكَ الْعِلْمُ يَا أَبَا الْمُنْذِرِ!»
Үбәй ибн Кәғб былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Мунзир! Алланың Кітабынан өзің білетін аяттардың қайсысы ең ұлы екенін білесің бе?” – деп сұрады. Мен: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – дедім. Ол (с.а.с.) тағы да: “Уа, Әбу Мунзир! Алланың Кітабынан өзің білетін аяттардың қайсысы ең ұлы екенін білесің бе?” – деп сұрады. Мен: “Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай, Қаййум.” (“Бақара”, 255), – деп жауап бердім. Сонда ол (с.а.с.) кеудемнен қағып: “Уа, Әбу Мунзир! Ілімің құтты болсын!” – деді» (810/258).