Хадис

Сахих Мүслим, № 2094

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
1. «Фатиха» сүресі туралыبَابٌ: فِي فَاتِحَةِ الْكِتَابِ
Нөмірі
№ 2094 (Мухтасар реті)
2094
Мүслим, № 2094Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: بَيْنَمَا جِبْرِيلُ قَاعِدٌ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ سَمِعَ نَقِيضًا مِنْ فَوْقِهِ، فَرَفَعَ رَأْسَهُ، فَقَالَ: «هَذَا بَابٌ مِنَ السَّمَاءِ فُتِحَ الْيَوْمَ، لَمْ يُفْتَحْ قَطُّ إِلَّا الْيَوْمَ». فَنَزَلَ مِنْهُ مَلَكٌ، فَقَالَ: «هَذَا مَلَكٌ نَزَلَ إِلَى الْأَرْضِ، لَمْ يَنْزِلْ قَطُّ إِلَّا الْيَوْمَ». فَسَلَّمَ وَقَالَ: «أَبْشِرْ بِنُورَيْنِ أُوتِيتَهُمَا، لَمْ يُؤْتَهُمَا نَبِيٌّ قَبْلَكَ: فَاتِحَةُ الْكِتَابِ، وَخَوَاتِيمُ سُورَةِ الْبَقَرَةِ، لَمْ تَقْرَأْ بِحَرْفٍ مِنْهُمَا إِلَّا أُعْطِيتَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (Алла екеуіне де разы болсын): «Жәбірейіл Пайғамбардың (с.а.с.) жанында отырған кезде төбесінен сықырлаған дыбыс естіп, басын көтерді де: “Бұл – аспандағы бір қақпа. Ол бүгін ашылды, бұған дейін ешқашан ашылмаған еді”, – деді. Сол қақпадан бір періште түсті. Жәбірейіл: “Бұл – жерге түскен бір періште. Ол бүгінге дейін ешқашан жерге түспеген еді”, – деді. Періште сәлем беріп: “Саған берілген әрі сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген екі нұрмен сүйіншілен! Олар – Кітаптың ‘Фатихасы’ мен ‘Бақара’ сүресінің соңғы аяттары. Ол екеуінен қандай да бір сөз оқысаң, ондағы сұрағаның саған беріледі”, – деді», – деген (806/254).