Хадис

Сахих Мүслим, № 1978

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
64. Тозақтың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ النَّارِ
бап
4. Тозақ тұрғындарының арасында азабы ең жеңіл болатын адам туралыبَابٌ: فِي أَهْوَنِ أَهْلِ النَّارِ عَذَابًا
Нөмірі
№ 1978 (Мухтасар реті)
1978
Мүслим, № 1978Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَهْوَنَ أَهْلِ النَّارِ عَذَابًا مَنْ لَهُ نَعْلَانِ وَشِرَاكَانِ مِنْ نَارٍ، يَغْلِي مِنْهُمَا دِمَاغُهُ كَمَا يَغْلِي الْمِرْجَلُ، مَا يَرَى أَنَّ أَحَدًا أَشَدُّ مِنْهُ عَذَابًا وَإِنَّهُ لَأَهْوَنُهُمْ عَذَابًا».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Расында, Тозақ тұрғындарының ішіндегі азабы ең жеңіл адамның оттан жасалған екі кебісі мен екі бауы болады. Солардың ыстығынан оның миы қазан қайнағандай қайнайды. Ол өзінен де ауыр азап тартып жатқан біреу бар деп ойламайды. Алайда азабы ең жеңіл адам – сол адамның өзі» (213/364).