Хадис

Сахих Мүслим, № 1950

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
62. Қияметтің сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْقِيَامَةِ
бап
5. Адамдардың жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде жиналуы туралыبَابٌ: يُحْشَرُ النَّاسُ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا
Нөмірі
№ 1950 (Мухтасар реті)
1950
Мүслим, № 1950Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا». قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، النِّسَاءُ وَالرِّجَالُ جَمِيعًا يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ؟» قَالَتْ: قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، الْأَمْرُ أَشَدُّ مِنْ أَنْ يَنْظُرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Қиямет күні адамдар жалаңаяқ, жалаңаш әрі сүндеттелмеген күйде жиналады”, – дегенін естідім. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Әйелдер мен ерлер бірге жиналып, бір-біріне қарай ма?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Уа, Айша! Ол күнгі жағдайдың ауырлығы сондай – адамдардың бір-біріне қарауға мұршасы болмайды”, – деді» (2859/56).