Хадис

Сахих Мүслим, № 1931

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
60. Тәубе, оның қабыл болуы, Алланың рақымының кеңдігі және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّوْبَةِ وَقَبُولِهَا وَسَعَةِ رَحْمَةِ اللَّهِ وَغَيْرِ ذَلِكَ
бап
14. Алланың пендесімен оңаша тілдесуі және оған күнәларын мойындатуы туралыبَابٌ: فِي النَّجْوَى وَتَقْرِيرِ الْعَبْدِ بِذُنُوبِهِ
Нөмірі
№ 1931 (Мухтасар реті)
1931
Мүслим, № 1931

عَنْ صَفْوَانَ بْنِ مُحْرِزٍ، قَالَ: قَالَ رَجُلٌ لِابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «كَيْفَ سَمِعْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ فِي النَّجْوَى؟» قَالَ: «سَمِعْتُهُ يَقُولُ: “يُدْنَى الْمُؤْمِنُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ رَبِّهِ عَزَّ وَجَلَّ، حَتَّى يَضَعَ عَلَيْهِ كَنَفَهُ، فَيُقَرِّرُهُ بِذُنُوبِهِ، فَيَقُولُ: ‘هَلْ تَعْرِفُ؟’ فَيَقُولُ: ‘أَيْ رَبِّ، أَعْرِفُ’. قَالَ: ‘فَإِنِّي قَدْ سَتَرْتُهَا عَلَيْكَ فِي الدُّنْيَا، وَإِنِّي أَغْفِرُهَا لَكَ الْيَوْمَ’. فَيُعْطَى صَحِيفَةَ حَسَنَاتِهِ، وَأَمَّا الْكُفَّارُ وَالْمُنَافِقُونَ، فَيُنَادَى بِهِمْ عَلَى رُءُوسِ الْخَلَائِقِ: ‘هَؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَى اللَّهِ’”».

Қазақша аудармасы

Сафуан ибн Мухриз былай деді: «Бір адам Ибн Омардан (Алла екеуіне де разы болсын): “Алла Елшісінің (с.а.с.) оңаша тілдесу жайында не дегенін естідің?” – деп сұрады». Ибн Омар: «Оның: “Қиямет күні мүмін Ұлы әрі аса мәртебелі Раббысына жақындатылады. Раббысы оны Өзінің пердесімен бүркеп, күнәларын мойындатады да: ‘Бұл күнәларыңды білесің бе?’ – деп сұрайды. Ол: ‘Иә, Раббым! Білемін’, – дейді. Сонда Алла: ‘Мен оларды дүниеде жасырған едім, ал бүгін оларды саған кешіремін’, – дейді. Сөйтіп, оған ізгі амалдары жазылған дәптері беріледі. Ал кәпірлер мен мұнафықтар жайында бүкіл жаратылыстың алдында: ‘Міне, Аллаға өтірік жапқандар осылар!’ – деп жар салынады”, – дегенін естідім», – деді (2768/52).