Хадис

Сахих Мүслим, № 1929

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
60. Тәубе, оның қабыл болуы, Алланың рақымының кеңдігі және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّوْبَةِ وَقَبُولِهَا وَسَعَةِ رَحْمَةِ اللَّهِ وَغَيْرِ ذَلِكَ
бап
13. Ұлы әрі аса мәртебелі Алладан артық қызғаныш танытатын ешкім жоқبَابٌ: مَا أَحَدٌ أَغْيَرُ مِنَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ
Нөмірі
№ 1929 (Мухтасар реті)
1929
Мүслим, № 1929Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ أَحَدٌ أَحَبَّ إِلَيْهِ الْمَدْحُ مِنَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، مِنْ أَجْلِ ذَلِكَ مَدَحَ نَفْسَهُ، وَلَيْسَ أَحَدٌ أَغْيَرَ مِنَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، مِنْ أَجْلِ ذَلِكَ حَرَّمَ الْفَوَاحِشَ، وَلَيْسَ أَحَدٌ أَحَبَّ إِلَيْهِ الْعُذْرُ مِنَ اللَّهِ، مِنْ أَجْلِ ذَلِكَ أَنْزَلَ الْكِتَابَ وَأَرْسَلَ الرُّسُلَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Өзіне мадақ айтылғанын Ұлы әрі аса мәртебелі Алладан артық жақсы көретін ешкім жоқ. Сол себепті Ол Өзін-өзі мадақтады. Ұлы әрі аса мәртебелі Алладан артық қызғаныш танытатын ешкім жоқ. Сол себепті Ол арсыз істерді харам етті. Үзірді қабылдауды Алладан артық жақсы көретін ешкім жоқ. Сол себепті Ол Кітапты түсіріп, елшілерді жіберді”, – деді» (2760/35).