عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ لِلَّهِ مِائَةَ رَحْمَةٍ أَنْزَلَ مِنْهَا رَحْمَةً وَاحِدَةً بَيْنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ وَالْبَهَائِمِ وَالْهَوَامِّ، فَبِهَا يَتَعَاطَفُونَ، وَبِهَا يَتَرَاحَمُونَ، وَبِهَا تَعْطِفُ الْوَحْشُ عَلَى وَلَدِهَا، وَأَخَّرَ اللَّهُ تِسْعًا وَتِسْعِينَ رَحْمَةً، يَرْحَمُ بِهَا عِبَادَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».
Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Алланың жүз рақымы бар. Соның бір рақымын жындар, адамдар, мал-жануарлар мен жәндіктердің арасына түсірді. Сол рақымның арқасында олар бір-біріне жанашырлық танытып, мейірім көрсетеді. Жабайы аң да төліне сол рақым арқылы мейірленеді. Алла тоқсан тоғыз рақымды Қиямет күні құлдарына рақым ету үшін кейінге қалдырды» (2752/19).