Хадис

Сахих Мүслим, № 483

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
6. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
33. Жаназа намазын қырық адам оқыса, олардың марқұм үшін жасаған шапағаты қабыл боладыبَابٌ: مَنْ صَلَّى عَلَيْهِ أَرْبَعُونَ شَفَعُوا فِيهِ
Нөмірі
№ 483 (Мухтасар реті)
483
Мүслим, № 483Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ مَاتَ ابْنٌ لَهُ بِقُدَيْدٍ (أَوْ بِعُسْفَانَ) فَقَالَ: «يَا كُرَيْبُ، اُنْظُرْ مَا اِجْتَمَعَ لَهُ مِنَ النَّاسِ». قَالَ: «فَخَرَجْتُ، فَإِذَا نَاسٌ قَدِ اِجْتَمَعُوا لَهُ، فَأَخْبَرْتُهُ، فَقَالَ: “تَقُولُ هُمْ أَرْبَعُونَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَخْرِجُوهُ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مَا مِنْ رَجُلٍ مُسْلِمٍ يَمُوتُ فَيَقُومُ عَلَى جَنَازَتِهِ أَرْبَعُونَ رَجُلًا لَا يُشْرِكُونَ بِاللَّهِ شَيْئًا إِلَّا شَفَّعَهُمُ اللَّهُ فِيهِ’”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) бір ұлы Қудайдта немесе Ұсфанда қайтыс болғанда, ол: «Уа, Курайб! Оның жаназасына қанша адам жиналғанын қарап кел», – деген. Курайб былай деген: «Сыртқа шыққанымда, оның жаназасына жұрт жиналып қалған екен. Мұны Ибн Аббасқа хабарладым. Сонда ол: “Қырық адам жиналған дейсің бе?” – деп сұрады. “Иә”, – дедім. “Оны сыртқа шығарыңдар. Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қандай да бір мұсылман ер адам қайтыс болып, оның жаназа намазын оқуға Аллаға еш нәрсені серік қоспайтын қырық ер адам тұрса, Алла олардың марқұм үшін жасаған шапағатын міндетті түрде қабыл етеді’, – дегенін естідім”, – деді». (948/59)