Хадис

Сахих Мүслим, № 481

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
6. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
31. Жаназа намазын оқудың және мәйітті жерлеуге ілесіп барудың артықшылығыبَابٌ: فَضْلُ الصَّلَاةِ عَلَى الْجَنَازَةِ وَاتِّبَاعِهَا
Нөмірі
№ 481 (Мухтасар реті)
481
Мүслим, № 481Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَهِدَ الْجَنَازَةَ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا فَلَهُ قِيرَاطٌ، وَمَنْ شَهِدَهَا حَتَّى تُدْفَنَ فَلَهُ قِيرَاطَانِ»، قِيلَ: «وَمَا الْقِيرَاطَانِ؟» قَالَ: «مِثْلُ الْجَبَلَيْنِ الْعَظِيمَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім жаназаға қатысып, намазы оқылғанша қалса, оған бір қырат сауап беріледі. Ал кім жаназаға қатысып, мәйіт жерленгенше қалса, оған екі қырат сауап беріледі”, – деді. “Екі қырат деген не?” – деп сұралғанда: “Екі алып таудай”, – деп жауап берді». (945/52)