Хадис

Сахих Мүслим, № 461

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
6. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
11. Басына қайғы түскенде айтылатын сөздерبَابٌ: مَا يُقَالُ عِنْدَ الْمُصِيبَةِ
Нөмірі
№ 461 (Мухтасар реті)
461
Мүслим, № 461Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَا مِنْ عَبْدٍ تُصِيبُهُ مُصِيبَةٌ فَيَقُولُ: ‘﴿إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ﴾، اللَّهُمَّ أْجُرْنِي فِي مُصِيبَتِي، وَأَخْلِفْ لِي خَيْرًا مِنْهَا’، إِلَّا أَجَرَهُ اللَّهُ فِي مُصِيبَتِهِ، وَأَخْلَفَ لَهُ خَيْرًا مِنْهَا”». قَالَتْ: «فَلَمَّا تُوُفِّيَ أَبُو سَلَمَةَ قُلْتُ كَمَا أَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَأَخْلَفَ اللَّهُ لِي خَيْرًا مِنْهُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Басына қайғы-қасірет түскенде: إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ – ‘Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз’ («Бақара», 156), әрі: ‘Уа, Алла! Осы қайғы-қасіретім үшін маған сауап бере гөр және оның орнына маған одан да қайырлысын бере гөр’, – деп айтқан әрбір пендеге Алла сол қайғы-қасіреті үшін сауап беріп, оның орнына одан да қайырлысын нәсіп етеді”, – дегенін естідім. Әбу Сәләма қайтыс болғанда, Алла Елшісі (с.а.с.) бұйырғандай айттым. Сонда Алла маған оның орнына одан да қайырлысын – Алла Елшісін (с.а.с.) нәсіп етті». (918/3)