عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى أَبِي سَلَمَةَ وَقَدْ شَقَّ بَصَرُهُ، فَأَغْمَضَهُ، ثُمَّ قَالَ: “إِنَّ الرُّوحَ إِذَا قُبِضَ تَبِعَهُ الْبَصَرُ”، فَضَجَّ نَاسٌ مِنْ أَهْلِهِ، فَقَالَ: “لَا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ إِلَّا بِخَيْرٍ، فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ يُؤَمِّنُونَ عَلَى مَا تَقُولُونَ”. ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِأَبِي سَلَمَةَ وَارْفَعْ دَرَجَتَهُ فِي الْمَهْدِيِّينَ، وَاخْلُفْهُ فِي عَقِبِهِ فِي الْغَابِرِينَ، وَاغْفِرْ لَنَا وَلَهُ، يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ، وَافْسَحْ لَهُ فِي قَبْرِهِ، وَنَوِّرْ لَهُ فِيهِ”».
Үммі Сәләма (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләманың жанына кіргенде, оның көзі ашық, жанары жоғары қадалған күйде еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның көзін жұмып: “Расында, жан алынғанда көз оның соңынан ілеседі”, – деді. Сонда үй ішіндегі кейбір адамдар дауыстап жылай бастады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Өздеріңе тек жақсылық тілеңдер. Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа ‘әмин’ дейді”, – деді. Содан кейін: “Уа, Алла! Әбу Сәләманы кешір, оның тура жол тапқандар арасындағы дәрежесін көтер. Артында қалған ұрпақтарына Өзің қамқоршы бол. Уа, әлемдердің Раббысы! Бізді де, оны да кешір. Оның қабірін кеңейтіп, ішін нұрға бөлей гөр”, – деп дұға етті», – деген. (920/7)