Хадис

Сахих Мүслим, № 1914

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
59. Алладан пана сұрау және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّعَوُّذِ وَغَيْرِهِ
бап
5. Түшкірген адам Аллаға мадақ айтса, оған «Алла саған рақым етсін» деу туралыبَابٌ: تَشْمِيتُ الْعَاطِسِ إِذَا حَمِدَ اللَّهَ
Нөмірі
№ 1914 (Мухтасар реті)
1914
Мүслим, № 1914Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: عَطَسَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ رَجُلَانِ، فَشَمَّتَ أَحَدَهُمَا وَلَمْ يُشَمِّتِ الْآخَرَ، فَقَالَ الَّذِي لَمْ يُشَمِّتْهُ: «عَطَسَ فُلَانٌ فَشَمَّتَّهُ، وَعَطَسْتُ أَنَا فَلَمْ تُشَمِّتْنِي». قَالَ: «إِنَّ هَذَا حَمِدَ اللَّهَ، وَإِنَّكَ لَمْ تَحْمَدِ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанында екі адам түшкірді. Ол (с.а.с.) біреуіне: “Алла саған рақым етсін!” – деп рақым тіледі де, екіншісіне ештеңе айтпады. Өзіне рақым тіленбеген адам: “Пәленше түшкіргенде, оған рақым тіледіңіз. Мен де түшкірдім, бірақ маған рақым тілемедіңіз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Ол Алланы мадақтады, ал сен Ұлы әрі аса мәртебелі Алланы мадақтамадың”, – деді» (2991/53).