Хадис

Сахих Мүслим, № 1907

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
14. Аллаға ең сүйікті сөз – «Алланы пәктеймін әрі Оған мақтау айтамын»بَابٌ: أَحَبُّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ: «سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ»
Нөмірі
№ 1907 (Мухтасар реті)
1907
Мүслим, № 1907Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أُخْبِرُكَ بِأَحَبِّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِي بِأَحَبِّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». فَقَالَ: «إِنَّ أَحَبَّ الْكَلَامِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: “سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Саған Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөзді хабарлайын ба?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Маған Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөзді хабарлаңыз”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Ұлы әрі Құдіретті Аллаға ең сүйікті сөз: ‘Алла барлық кемшіліктен пәк әрі барлық мадақ Оған тән’”, – деді» (2731/85).