Хадис

Сахих Мүслим, № 1895

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
10. Ұйықтарда және төсекке жатқанда айтылатын сөздер туралыبَابٌ: مَا يَقُولُ عِنْدَ النَّوْمِ وَأَخْذِ الْمَضْجَعِ
Нөмірі
№ 1895 (Мухтасар реті)
1895
Мүслим, № 1895Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا اِشْتَكَتْ مَا تَلْقَى مِنَ الرَّحَى فِي يَدِهَا، وَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ سَبْيٌ، فَانْطَلَقَتْ فَلَمْ تَجِدْهُ، وَلَقِيَتْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَأَخْبَرَتْهَا. فَلَمَّا جَاءَ النَّبِيُّ ﷺ أَخْبَرَتْهُ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِمَجِيءِ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا إِلَيْهَا، فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَيْنَا، وَقَدْ أَخَذْنَا مَضَاجِعَنَا، فَذَهَبْنَا نَقُومُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «عَلَى مَكَانِكُمَا». فَقَعَدَ بَيْنَنَا حَتَّى وَجَدْتُ بَرْدَ قَدَمِهِ عَلَى صَدْرِي، وَقَالَ: «أَلَا أُعَلِّمُكُمَا خَيْرًا مِمَّا سَأَلْتُمَا؟ إِذَا أَخَذْتُمَا مَضَاجِعَكُمَا، أَنْ تُكَبِّرَا اللَّهَ أَرْبَعًا وَثَلَاثِينَ، وَتُسَبِّحَاهُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَتَحْمَدَاهُ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ؛ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمَا مِنْ خَادِمٍ». وَزَادَ فِي أُخْرَى: قَالَ عَلِيٌّ: «مَا تَرَكْتُهُ مُنْذُ سَمِعْتُهُ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ». قِيلَ لَهُ: «وَلَا لَيْلَةَ صِفِّينَ؟» قَالَ: «وَلَا لَيْلَةَ صِفِّينَ».

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деді: «Фатима (р.а.) қол диірмен тартқанда қолының қажитынын айтып шағымданды. Сол кезде Пайғамбарға (с.а.с.) тұтқындар әкелінген еді. Фатима оның жанына барды, бірақ өзін таба алмай, Айшамен (р.а.) жолығып, мән-жайды айтты. Пайғамбар (с.а.с.) келгенде, Айша (р.а.) оған Фатиманың (р.а.) келгенін хабарлады. Біз төсегімізге жатып қойғанымызда, Пайғамбар (с.а.с.) үйімізге келді. Орнымыздан тұрмақ болған едік, ол: “Орындарыңнан қозғалмаңдар”, – деді. Содан кейін арамызға отырды. Тіпті аяғының салқынын кеудемнен сездім. Ол: “Сендерге сұрағандарыңнан да қайырлы нәрсе үйретейін бе? Төсектеріңе жатқанда Алланы отыз төрт рет ұлықтаңдар, отыз үш рет пәктеңдер әрі отыз үш рет мадақтаңдар. Бұл сендер үшін қызметшіден де қайырлы”, – деді». Басқа бір риуаятта мынадай қосымша бар: Әли: «Мұны Пайғамбардан (с.а.с.) естігелі бері ешқашан тастаған емеспін», – деді. Одан: «Сыффин түні де тастаған жоқсыз ба?» – деп сұралғанда, ол: «Сыффин түні де тастаған жоқпын», – деді (2727/80).