Хадис

Сахих Мүслим, № 1890

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
58. Зікір (Алланы еске алу) кітабыكِتَابُ الذِّكْرِ
бап
5. Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алу, дұға ету және кешірім сұрау мәжілістерінің артықшылығы туралыبَابٌ: فَضْلُ مَجَالِسِ الذِّكْرِ لِلَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَالدُّعَاءِ وَالِاسْتِغْفَارِ
Нөмірі
№ 1890 (Мухтасар реті)
1890
Мүслим, № 1890Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ لِلَّهِ تَبَارَكَ وَتَعَالَى مَلَائِكَةً سَيَّارَةً فُضُلًا يَتَتَبَّعُونَ مَجَالِسَ الذِّكْرِ، فَإِذَا وَجَدُوا مَجْلِسًا فِيهِ ذِكْرٌ قَعَدُوا مَعَهُمْ، وَحَفَّ بَعْضُهُمْ بَعْضًا بِأَجْنِحَتِهِمْ، حَتَّى يَمْلَؤُوا مَا بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ السَّمَاءِ الدُّنْيَا. فَإِذَا تَفَرَّقُوا عَرَجُوا وَصَعِدُوا إِلَى السَّمَاءِ. قَالَ: فَيَسْأَلُهُمُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، وَهُوَ أَعْلَمُ بِهِمْ: “مِنْ أَيْنَ جِئْتُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “جِئْنَا مِنْ عِنْدِ عِبَادٍ لَكَ فِي الْأَرْضِ يُسَبِّحُونَكَ وَيُكَبِّرُونَكَ وَيُهَلِّلُونَكَ وَيَحْمَدُونَكَ وَيَسْأَلُونَكَ”. قَالَ: “وَمَاذَا يَسْأَلُونِي؟” قَالُوا: “يَسْأَلُونَكَ جَنَّتَكَ”. قَالَ: “وَهَلْ رَأَوْا جَنَّتِي؟” قَالُوا: “لَا، أَيْ رَبِّ”. قَالَ: “فَكَيْفَ لَوْ رَأَوْا جَنَّتِي؟” قَالُوا: “وَيَسْتَجِيرُونَكَ”. قَالَ: “وَمِمَّا يَسْتَجِيرُونَنِي؟” قَالُوا: “مِنْ نَارِكَ يَا رَبِّ”. قَالَ: “وَهَلْ رَأَوْا نَارِي؟” قَالُوا: “لَا”. قَالَ: “فَكَيْفَ لَوْ رَأَوْا نَارِي؟” قَالُوا: “وَيَسْتَغْفِرُونَكَ”. قَالَ: فَيَقُولُ: “قَدْ غَفَرْتُ لَهُمْ، وَأَعْطَيْتُهُمْ مَا سَأَلُوا، وَأَجَرْتُهُمْ مِمَّا اِسْتَجَارُوا”. قَالَ: فَيَقُولُونَ: “رَبِّ، فِيهِمْ فُلَانٌ عَبْدٌ خَطَّاءٌ، إِنَّمَا مَرَّ فَجَلَسَ مَعَهُمْ”. قَالَ: فَيَقُولُ: “وَلَهُ غَفَرْتُ. هُمُ الْقَوْمُ لَا يَشْقَى بِهِمْ جَلِيسُهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында, Аса Берекелі әрі Ұлы Алланың жер кезіп, зікір мәжілістерін іздейтін арнайы періштелері бар. Олар ішінде Алла еске алынатын бір мәжілісті тапса, сол адамдармен бірге отырып, бір-бірін қанаттарымен қоршайды. Сөйтіп, өздері мен төменгі аспанның арасын толтырады. Мәжілістегілер тараған кезде, періштелер жоғары өрлеп, аспанға көтеріледі. Ұлы әрі Құдіретті Алла олардың жайын бәрінен жақсы біле тұра: “Қайдан келдіңдер?” – деп сұрайды. Олар: “Жердегі құлдарыңның қасынан келдік. Олар Сені пәктейді, ұлықтайды, жалғыз екеніңді айтып, мадақтайды әрі Сенен тілейді”, – дейді. Алла: “Олар Менен нені тілейді?” – деп сұрайды. Періштелер: “Сенің Жәннатыңды тілейді”, – дейді. Алла: “Олар Менің Жәннатымды көрді ме?” – деп сұрайды. Періштелер: “Жоқ, уа, Раббымыз!” – дейді. Алла: “Егер олар Менің Жәннатымды көргенде, қалай болар еді?” – дейді. Періштелер: “Олар Сенен пана да сұрайды”, – дейді. Алла: “Менен неден пана сұрайды?” – деп сұрайды. Періштелер: “Уа, Раббымыз! Сенің Тозақ отыңнан”, – дейді. Алла: “Олар Менің Тозақ отымды көрді ме?” – деп сұрайды. Періштелер: “Жоқ”, – дейді. Алла: “Егер олар Менің Тозақ отымды көргенде, қалай болар еді?” – дейді. Періштелер: “Олар Сенен кешірім де тілейді”, – дейді. Сонда Алла: “Мен оларды кешірдім, сұрағандарын бердім және пана сұраған нәрселерінен қорғадым”, – дейді. Періштелер: “Уа, Раббымыз! Олардың арасында пәленше деген күнәсі көп бір құл бар. Ол тек жолай өтіп бара жатып, олармен бірге отыра кеткен еді”, – дейді. Сонда Алла: “Оны да кешірдім. Олар – қасында отырған адам да бақытсыздыққа ұшырамайтын қауым”, – дейді» (2689/25).