Хадис

Сахих Мүслим, № 1881

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
57. Дұға кітабыكِتَابُ الدُّعَاءِ
бап
12. Әтештер шақырған кезде дұға ету туралыبَابٌ: الدُّعَاءُ عِنْدَ صِيَاحِ الدِّيَكَةِ
Нөмірі
№ 1881 (Мухтасар реті)
1881
Мүслим, № 1881Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِذَا سَمِعْتُمْ صِيَاحَ الدِّيَكَةِ، فَاسْأَلُوا اللَّهَ تَعَالَى مِنْ فَضْلِهِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ مَلَكًا، وَإِذَا سَمِعْتُمْ نَهِيقَ الْحِمَارِ، فَتَعَوَّذُوا بِاللَّهِ مِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ، فَإِنَّهَا رَأَتْ شَيْطَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Әтештердің шақырғанын естігенде, Алла Тағаладан Оның кеңшілігін сұраңдар. Өйткені олар періштені көрген. Ал есектің ақырғанын естігенде, шайтанның жамандығынан Аллаға сыйыныңдар. Өйткені ол шайтанды көрген» (2729/82).