Хадис

Сахих Мүслим, № 1869

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
57. Дұға кітабыكِتَابُ الدُّعَاءِ
бап
2. Пайғамбардың (с.а.с.) дұғасы туралыبَابٌ: دُعَاءُ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1869 (Мухтасар реті)
1869
Мүслим, № 1869Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла! Бар ісімнің қорғаны болған дінімді түзете гөр! Тіршілігім өтетін дүниемді түзете гөр! Қайтып баратын мекенім болған ақыретімді түзете гөр! Өмірімді жақсылығымды арттыруға себеп ет әрі өлімімді барлық жамандықтан тынығуыма себеп ет!” – деп дұға ететін», – деді (2720/71).