Хадис

Сахих Мүслим, № 1848

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
55. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
10. Адамның жаратылуы және бақытсыз не бақытты болуы туралыبَابٌ: فِي الْخَلْقِ يُخْلَقُ وَالشَّقَاوَةِ وَالسَّعَادَةِ
Нөмірі
№ 1848 (Мухтасар реті)
1848
Мүслим, № 1848

عَنْ حُذَيْفَةَ بْنِ أَسِيدٍ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «يَدْخُلُ الْمَلَكُ عَلَى النُّطْفَةِ بَعْدَ مَا تَسْتَقِرُّ فِي الرَّحِمِ بِأَرْبَعِينَ» (أَوْ: «خَمْسَةٍ وَأَرْبَعِينَ») «لَيْلَةً، فَيَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيدٌ؟” فَيُكْتَبَانِ، فَيَقُولُ: “أَيْ رَبِّ، أَذَكَرٌ أَوْ أُنْثَى؟” فَيُكْتَبَانِ، وَيُكْتَبُ عَمَلُهُ وَأَثَرُهُ وَأَجَلُهُ وَرِزْقُهُ، ثُمَّ تُطْوَى الصُّحُفُ فَلَا يُزَادُ فِيهَا وَلَا يُنْقَصُ».

Қазақша аудармасы

Хузәйфа ибн Әсид Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Ұрық тамшысы жатырда орныққаннан кейін қырық немесе қырық бес түн өткенде, оған періште келіп: “Уа, Раббым! Ол бақытсыз ба, әлде бақытты ма?” – дейді. Сонда соның бірі жазылады. Періште: “Уа, Раббым! Ер ме, әлде әйел ме?” – дейді. Сонда соның бірі жазылады. Сондай-ақ оның амалы, артында қалдырар ізі, ажалы және ризығы жазылады. Содан кейін жазба парақтары бүктеледі де, оған ештеңе қосылмайды әрі одан ештеңе кемітілмейді» (2644/2).