عَنْ أَبِي الْأَسْوَدِ الدِّيلِيِّ قَالَ: قَالَ لِي عِمْرَانُ بْنُ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ مِنْ قَدَرِ مَا سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا قَدْ أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟» فَقُلْتُ: «بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى عَلَيْهِمْ». قَالَ: فَقَالَ: «أَفَلَا يَكُونُ ظُلْمًا؟» قَالَ: فَفَزِعْتُ مِنْ ذَلِكَ فَزَعًا شَدِيدًا، وَقُلْتُ: «كُلُّ شَيْءٍ خَلْقُ اللَّهِ وَمِلْكُ يَدِهِ، فَ﴿لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ﴾». فَقَالَ لِي: «يَرْحَمُكَ اللَّهُ، إِنِّي لَمْ أُرِدْ بِمَا سَأَلْتُكَ إِلَّا لِأَحْزِرَ عَقْلَكَ. إِنَّ رَجُلَيْنِ مِنْ مُزَيْنَةَ أَتَيَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ مَا يَعْمَلُ النَّاسُ الْيَوْمَ وَيَكْدَحُونَ فِيهِ، أَشَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ مِنْ قَدَرٍ قَدْ سَبَقَ، أَوْ فِيمَا يُسْتَقْبَلُونَ بِهِ مَا أَتَاهُمْ بِهِ نَبِيُّهُمْ وَثَبَتَتِ الْحُجَّةُ عَلَيْهِمْ؟” فَقَالَ: “لَا، بَلْ شَيْءٌ قُضِيَ عَلَيْهِمْ وَمَضَى فِيهِمْ، وَتَصْدِيقُ ذَلِكَ فِي كِتَابِ اللَّهِ: ﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا﴾”».
Әбу әл-Асуад әд-Дили былай деді: «Имран ибн Хусайн (р.а.) менен: “Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не дейсің? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Мен: “Керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, тағдырда алдын ала бекітілген нәрселер”, – дедім. Ол: “Онда бұл зұлымдық болып шықпай ма?” – деді. Мен бұл сөзден қатты шошып кетіп: “Әрбір нәрсе – Алланың жаратқаны әрі Оның иелігіндегі мүлік. Сондықтан: ‘Ол істеген істері үшін жауапқа тартылмайды. Ал мүшріктер тәңір тұтқан саналы жаратылыстардың барлығы істеген әрбір ісі үшін жауап береді.’ («Әнбия», 23)”, – дедім. Сонда ол маған: “Алла саған рақым етсін! Мен бұл сұрақты саған ақыл-парасатыңның деңгейін байқау үшін ғана қойдым”, – деді». Имран сөзін былай жалғастырды: «Музәйна руынан екі кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Адамдардың бүгінде жасап, жолында күш-жігер жұмсап жүрген амалдары жайында не айтасыз? Бұл амалдар – оларға әуелден белгіленіп, үкімі шығарылған әрі араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер ме? Әлде пайғамбарлары жеткізіп, сол арқылы өздеріне дәлел толық орныққаннан кейін алдарынан шығатын істер ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, керісінше, олар – өздері үшін үкімі шығарылып, араларында жүзеге асуы бекітілген нәрселер. Мұның растығын Алланың Кітабындағы: ‘Әр нәпсіге және оған қабілет беріп, жүйеге салғанға серт! Содан соң күнәнің жолдарын әрі тақуалық жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт!’ («Шәмс», 7–8) деген аяттар көрсетеді”, – деді» (2650/10).