Хадис

Сахих Мүслим, № 1803

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
41. Өзгенің жасырын істерін аңдуға, бақталастыққа және жаман күдікке тыйым салу туралыبَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّجَسُّسِ وَالتَّنَافُسِ وَالظَّنِّ
Нөмірі
№ 1803 (Мухтасар реті)
1803
Мүслим, № 1803Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالظَّنَّ، فَإِنَّ الظَّنَّ أَكْذَبُ الْحَدِيثِ، وَلَا تَحَسَّسُوا، وَلَا تَجَسَّسُوا، وَلَا تَنَافَسُوا، وَلَا تَحَاسَدُوا، وَلَا تَبَاغَضُوا، وَلَا تَدَابَرُوا، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إِخْوَانًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Жаман күдіктен сақ болыңдар! Өйткені күдік – ең жалған сөз. Бір-біріңнің жасырын жайларыңды іздестірмеңдер, бір-біріңді аңдымаңдар, бақталаспаңдар, күндеспеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер және бір-біріңнен теріс айналмаңдар. Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар» (2563/28).