Хадис

Сахих Мүслим, № 1797

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
36. Мүмінге тікен қадалуы және оның басына түскен қайғы-қасірет туралыبَابٌ: مَا يُصِيبُ الْمُؤْمِنَ مِنَ الشَّوْكَةِ وَالْمُصِيبَةِ
Нөмірі
№ 1797 (Мухтасар реті)
1797
Мүслим, № 1797

عَنِ الْأَسْوَدِ، قَالَ: دَخَلَ شَبَابٌ مِنْ قُرَيْشٍ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا وَهِيَ بِمِنًى، وَهُمْ يَضْحَكُونَ، فَقَالَتْ: «مَا يُضْحِكُكُمْ؟» قَالُوا: «فُلَانٌ خَرَّ عَلَى طُنُبِ فُسْطَاطٍ، فَكَادَتْ عُنُقُهُ» (أَوْ: «عَيْنُهُ») «أَنْ تَذْهَبَ». فَقَالَتْ: «لَا تَضْحَكُوا، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُشَاكُ شَوْكَةً فَمَا فَوْقَهَا إِلَّا كُتِبَتْ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ، وَمُحِيَتْ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةٌ”».

Қазақша аудармасы

Әл-Әсуәд былай деген: «Құрайыштан шыққан бірнеше жас жігіт Минада болған Айшаның (р.а.) алдына кірді. Олар күліп келе жатты. Айша: “Сендерді не күлдірді?” – деп сұрады. Олар: “Пәленше шатырдың керме жібіне сүрініп құлап, мойны сынып немесе көзі шығып кете жаздады”, – деді. Сонда Айша: “Күлмеңдер! Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қандай да бір мұсылманға тікен қадалса немесе одан да ауыр нәрсе тисе, соның себебімен дәрежесі бір саты көтеріліп, бір күнәсі өшіріледі’, – дегенін естідім”, – деді» (2572/46).