Хадис

Сахих Мүслим, № 1791

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
31. Ашуланған кезде өзін-өзі ұстай алатын адам туралыبَابٌ: فِي الَّذِي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ
Нөмірі
№ 1791 (Мухтасар реті)
1791
Мүслим, № 1791Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا تَعُدُّونَ الرَّقُوبَ فِيكُمْ؟» قَالَ: قُلْنَا: «الَّذِي لَا يُولَدُ لَهُ». قَالَ: «لَيْسَ ذَاكَ بِالرَّقُوبِ، وَلَكِنَّهُ الرَّجُلُ الَّذِي لَمْ يُقَدِّمْ مِنْ وَلَدِهِ شَيْئًا». قَالَ: «فَمَا تَعُدُّونَ الصُّرَعَةَ فِيكُمْ؟» قَالَ: قُلْنَا: «الَّذِي لَا يَصْرَعُهُ الرِّجَالُ». قَالَ: «لَيْسَ بِذَلِكَ، وَلَكِنَّهُ الَّذِي يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Араларыңда перзентсіз деп кімді санайсыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Баласы тумаған адамды”, – дедік. Ол (с.а.с.): “Ол перзентсіз емес. Нағыз перзентсіз – балаларының ешқайсысын өзінен бұрын ақыретке аттандырмаған адам”, – деді. Содан кейін: “Араларыңда күшті балуан деп кімді санайсыңдар?” – деп сұрады. Біз: “Ешкім жыға алмайтын адамды”, – дедік. Ол (с.а.с.): “Олай емес. Нағыз күшті – ашуланған кезде өзін ұстай білген адам”, – деді» (2608/106).