Хадис

Сахих Мүслим, № 1780

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
23. Көршіге жақсылық жасауды өсиет ету туралыبَابٌ: فِي الْوَصِيَّةِ بِالْجَارِ
Нөмірі
№ 1780 (Мухтасар реті)
1780
Мүслим, № 1780Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَا زَالَ جِبْرِيلُ يُوصِينِي بِالْجَارِ، حَتَّى ظَنَنْتُ أَنَّهُ لَيُوَرِّثَنَّهُ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жәбірейіл маған көрші жайында өсиет айта бергені сонша, ақыры оны мұрагер етеді деп ойладым”, – дегенін естідім», – деді (2624/140).