Хадис

Сахих Мүслим, № 1769

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
13. Ұлы әрі Құдіретті Алла үшін бір-бірін жақсы көретіндер туралыبَابٌ: فِي الْمُتَحَابِّينَ فِي اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ
Нөмірі
№ 1769 (Мухтасар реті)
1769
Мүслим, № 1769Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ رَجُلًا زَارَ أَخًا لَهُ فِي قَرْيَةٍ أُخْرَى، فَأَرْصَدَ اللَّهُ لَهُ عَلَى مَدْرَجَتِهِ مَلَكًا. فَلَمَّا أَتَى عَلَيْهِ، قَالَ: «أَيْنَ تُرِيدُ؟» قَالَ: «أُرِيدُ أَخًا لِي فِي هَذِهِ الْقَرْيَةِ». قَالَ: «هَلْ لَكَ عَلَيْهِ مِنْ نِعْمَةٍ تَرُبُّهَا؟» قَالَ: «لَا، غَيْرَ أَنِّي أَحْبَبْتُهُ فِي اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». قَالَ: «فَإِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكَ بِأَنَّ اللَّهَ قَدْ أَحَبَّكَ كَمَا أَحْبَبْتَهُ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бір адам басқа ауылда тұратын бауырын зиярат етуге барды. Алла оны жолда күтіп алуға бір періштені қойды. Әлгі адам періштенің қасына жеткенде, періште: “Қайда бара жатырсың?” – деп сұрады. Ол: “Осы ауылда тұратын бір бауырыма бара жатырмын”, – деді. Періште: “Оған жасаған бір жақсылығыңның қайтарымын күтіп барасың ба?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ. Мен оны тек Аса құдіретті әрі Ұлы Алла үшін жақсы көремін”, – деді. Сонда періште: “Мен – Алланың саған жіберген елшісімін. Сен оны Алла үшін жақсы көргеніңдей, Алла да сені жақсы көрді”, – деді» (2567/38).