Хадис

Сахих Мүслим, № 1763

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
9. Туыстары байланысты үзсе де, олармен туыстық байланысты сақтау туралыبَابٌ: صِلَةُ الرَّحِمِ وَإِنْ قَطَعُوا
Нөмірі
№ 1763 (Мухтасар реті)
1763
Мүслим, № 1763Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي قَرَابَةً أَصِلُهُمْ وَيَقْطَعُونِي، وَأُحْسِنُ إِلَيْهِمْ وَيُسِيئُونَ إِلَيَّ، وَأَحْلُمُ عَنْهُمْ وَيَجْهَلُونَ عَلَيَّ». فَقَالَ: «لَئِنْ كُنْتَ كَمَا قُلْتَ، فَكَأَنَّمَا تُسِفُّهُمُ الْمَلَّ، وَلَا يَزَالُ مَعَكَ مِنَ اللَّهِ ظَهِيرٌ عَلَيْهِمْ مَا دُمْتَ عَلَى ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір кісі: “Уа, Расулалла! Менің туыстарым бар: мен олармен қарым-қатынасымды сақтаймын, ал олар менімен байланысын үзеді; мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық жасайды; мен оларға ұстамдылық танытамын, ал олар маған өрескелдік көрсетеді”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Егер сен айтқаныңдай болсаң, оларға ыстық күл жұтқызғандай боласың. Осы қалпыңнан таймағаныңша, Алла тарапынан келген жәрдемші оларға қарсы саған үнемі қолдау көрсетеді”, – деді» (2558/22).