Хадис

Сахих Мүслим, № 1758

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
53. Жақсылық жасау және туыстық байланысты сақтау кітабыكِتَابُ الْبِرِّ وَالصِّلَةِ
бап
5. Ата-анасының екеуінің не біреуінің қартайған шағын көріп, Жәннатқа кіре алмаған адам қор болсынبَابٌ: رَغِمَ أَنْفُ مَنْ أَدْرَكَ أَبَوَيْهِ أَوْ أَحَدَهُمَا عِنْدَ الْكِبَرِ فَلَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ
Нөмірі
№ 1758 (Мухтасар реті)
1758
Мүслим, № 1758Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَغِمَ أَنْفُهُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُهُ». قِيلَ: «مَنْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «مَنْ أَدْرَكَ الْوَالِدَانِ عِنْدَهُ الْكِبَرَ، أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا، ثُمَّ لَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұрны жерге сүртілсін! Тағы да мұрны жерге сүртілсін! Тағы да мұрны жерге сүртілсін!” – деді. Сонда: “Ол кім, уа, Расулалла?” – деп сұралды. Ол (с.а.с.): “Ата-анасының біреуі немесе екеуі де өз жанында қартайғанымен, Жәннатқа кірмеген адам”, – деді» (2551/10).