Хадис

Сахих Мүслим, № 1747

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
69. Табиғиндердің бірі болған Уәйс әл-Қарани (р.а.) және оның артықшылығы туралыبَابٌ: ذِكْرُ أُوَيْسٍ الْقَرَنِيِّ مِنَ التَّابِعِينَ وَفَضْلُهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1747 (Мухтасар реті)
1747
Мүслим, № 1747Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ خَيْرَ التَّابِعِينَ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ أُوَيْسٌ، وَلَهُ وَالِدَةٌ وَكَانَ بِهِ بَيَاضٌ فَمُرُوهُ فَلْيَسْتَغْفِرْ لَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Расында, табиғиндердің ең қайырлысы – Уәйс есімді адам. Оның анасы бар және денесінде ақтаңдақ болған. Одан сендер үшін Алладан кешірім тілеуін сұраңдар”, – дегенін естідім», – деді (2542/224).