عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ صَلَاةَ الْعِشَاءِ فِي آخِرِ حَيَاتِهِ، فَلَمَّا سَلَّمَ قَامَ فَقَالَ: «أَرَأَيْتَكُمْ لَيْلَتَكُمْ هَذِهِ؟ فَإِنَّ عَلَى رَأْسِ مِائَةِ سَنَةٍ مِنْهَا لَا يَبْقَى مِمَّنْ هُوَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ أَحَدٌ». قَالَ ابْنُ عُمَرَ: «فَوَهَلَ النَّاسُ فِي مَقَالَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تِلْكَ، فِيمَا يَتَحَدَّثُونَ مِنْ هَذِهِ الْأَحَادِيثِ، عَنْ مِائَةِ سَنَةٍ، وَإِنَّمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا يَبْقَى مِمَّنْ هُوَ الْيَوْمَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ أَحَدٌ”. يُرِيدُ بِذَلِكَ أَنْ يَنْخَرِمَ ذَلِكَ الْقَرْنُ».
Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) өмірінің соңғы кезеңінде бір түні бізге құптан намазын оқытты. Намазды сәлем беріп аяқтағаннан кейін орнынан тұрып: “Осы түнді естеріңде ұстаңдар! Осы түннен жүз жыл өткенде, қазір жер бетінде жүргендердің бірде-бірі қалмайды”, – деді». Ибн Омар сөзін жалғастырып: «Адамдар Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл сөзін жүз жыл туралы айтылған хадистерге байланыстырып, жаңсақ түсінді. Алла Елшісі (с.а.с.) шын мәнінде: “Бүгін жер бетінде жүргендердің бірде-бірі қалмайды”, – деген еді. Мұнымен ол сол буынның түгелдей өмірден өтетінін меңзеген», – деді (2537/217).