Хадис

Сахих Мүслим, № 1731

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
56. Әшғарилердің (Алла оларға разы болсын) артықшылығы туралыبَابٌ: فِي فَضْلِ الْأَشْعَرِيِّينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ
Нөмірі
№ 1731 (Мухтасар реті)
1731
Мүслим, № 1731Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْأَشْعَرِيِّينَ إِذَا أَرْمَلُوا فِي الْغَزْوِ، أَوْ قَلَّ طَعَامُ عِيَالِهِمْ بِالْمَدِينَةِ، جَمَعُوا مَا كَانَ عِنْدَهُمْ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ، ثُمَّ اِقْتَسَمُوهُ بَيْنَهُمْ فِي إِنَاءٍ وَاحِدٍ، بِالسَّوِيَّةِ، فَهُمْ مِنِّي وَأَنَا مِنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Әшғарилердің жорықта азығы таусылса немесе Мәдинада қалған отбасыларының тамағы кемісе, қолдарында бар азықты бір матаға жинайды. Содан кейін оны бір ыдыспен өзара теңдей бөліседі. Сондықтан олар – менен, мен де – оларданмын» (2500/167).